Таразда қалалық сот төрағасы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Тараз қалалық сотының төрағасы азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 миллион теңге пара алды деген күдік бар. Бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Басқа ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.
Б. Жұмабайұлы