Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰБТ басталғалы 20-дан астам бала ереже бұзып, тесттен шеттетілді

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2022
  • 854

Бүгін  еліміз бойынша 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты. Олар үшін соңғы қоңырау соғылды. Енді алда-ұлттық сынақ. Ұлттық бірыңғай тестілеуде биыл қандай өзгерістер бар? "Алтын белгіге" үміткерлерге қандай талаптар қойылып отыр? Мемлекеттен қанша білім гранты бөлінбек? Тілшіміз Әсел Дүкембаева толығырақ айтады.

Қоңырау  жас түлектер үшін соңғы рет сыңғырлады. Тарыдай боп кірген мектептен таудай боп шыққан балалардың көңілі қобалжулы. Олар алтын ұядан ұшып, жаңа өмірге жолдама алды.  

Ахмет РҮСТЕМОВ, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Қобалжу бар. 11 жыл бойы, қаншама еңбек, қаншама тырысу. Бүгін  соңғы рет қоңырау үнін естіп, қуандық, қобалжыдық, қимадық... Бірақ, қуаныштымыз, жаңа өмірге аттандық.

Түлектер алдында енді -мемлекеттік сынақ.  Биыл  емтихан тапсыру мерзімі 27 мамыр мен 10 маусым аралығына белгіленген.  Ал 16 мамырда  еліміздің барлық өңірінде   Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түлектер 5 шілдеге дейін ҰБТ-ға екі рет  қатысу мүмкіндігіне ие.  

Бақберген БИКЕЕВ, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Екі рет тапсыруға мүмкіндік берген үлкен балаларға мүмкіндік беріп жатыр. Осы жылдан бастап жаңадан құрастырған нәрсе, біріншіде қобалжыған балалар, тағы да екіншіде жоғарғы балл алуға мүмкіндіктері бар.


Биыл Алтын белгіге үміткерлерге талап күшейді. Бұған дейін үміткердің тек оқу жылы соңындағы нәтижесі есептелетін. Енді әр тоқсанның бағасы ескеріледі. Сондай-ақ үміткерлер   Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында  емтихан тапсырады. Егер бала білімін дәлелдей алмаса, мектеп басшысы жауап береді.

Айман ДҮЙСЕНОВА, №60 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің мектепте 2 алтын белгі бар. Олардың сапасы биік, олар алтын белгіні қорғап шығады деп.    227 баланың ішінде 2-ақ бала алтын белгі, 9 үздік бар.  

Биыл  290 мыңнан астам түлек тестілеуден өтеді.  Жас түлек, қай қалада, қай күні тапсыратынын  өзі таңдайды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші мүмкіндігінде ереже бұзған талапкер екіншісіне жіберілмейді дейді Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры. Оның айтуынша, ҰБТ басталғалы  20-дан астам  бала ереже бұзып,  тесттен шеттетілді. Екінші мүмкіндіктен де айрылды.  

Руслан ЕМЕЛБАЕВ, ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Егер де талапкер екі мүмкіндіктің кез-келген біреуінде ереже бұзса, тыйым салынған затты қолдануға тырысса, немесе қасында отырған тест тапсырған адаммен сөйлесуге тырысса. Немесе материалдарды параққа жазып алып сыртқа алып шықса, бұның бәрі ереже бұзулыққа жатады. Және нәтижесі жойылады. Екі мүмкіндіктің нәтижесі жойылады және грант конкурсына қатыса алмайды.


Руслан Емелбаевтың айтуынша, барлық түлектің баллы баланста  болады. Ең жоғарғы балл жинаған баланың қаңтар мен наурыз аралығындағы шекті баллын санап, ортақ шешімге келеміз дейді. Сондай-ақ, биыл бөлінген грант саны 72 мыңнан асады. Басым бөлігі- техникалық мамандық.

Ә. Дүкембаева