Мәжіліс депутаттары Екібастұз тұрғындармен кездесті. Жиында алдағы 5 маусымда өтетін жалпы халықтық референдум мәселесі талқыланды. Халық қалаулылары кездесуде Ата заңға енетін негізгі өзгерістерге тоқталып, халықтың сұрақтарына жауап берді. Сапар барысында депутаттар «Шығыс» көмір кенішінде болып, жұмысшылармен де жүздесті.
Ойрат ҒАЛЫМҰЛЫ, «ШЫҒЫС» КӨМІР КЕНІШІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Референдумға барлығымыз барамыз деп ойлаймын. Өз басым өз семьям, жолдастарымыз, барлығымыз барамыз. Жаңа Қазақстанға жаңа қолдау жаңа дауыс береміз. Біз қолдаймыз өзгерістің барлығын.
Халық қалаулылары сондай-ақ дәрігерлермен кездесті. Ақ халаттылар да өздерін толғандарға сауалдарға жауап алып, референдумға белсенді атсалысатындарын жеткізді.
Қарлығаш РАХМАНҚҰЛОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ №2 ЕМХАНАНЫҢ БАС ЕСЕПШІСІ:
Бізді суперпрезиденттік жүйеден президенттік жүйеге ауысу жайы қызықтырады. Бұл жүйенің қалай болатынын түсіндіріп берді. Енді дауыс беруге барамыз.
Айгүл НҰРКИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Халық Президент ұсынған түзетулерді жақсы түсініп отыр. Бұл біздің басты құжатымыз екені анық. Сондықтан, бұқара бұл референдумға оң көзқарас танытқаны қуантады.
Ө. Қуанар