Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әлеуметтік мәселелерге талап күшейген",- Р.Кертаев

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2022
  • 1306

Ел арасында әлеуметтік мәселелерге талап күшейген. Бұл туралы "AMANAT" партиясының хатшысы Ринат Кертаев білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте айтты. Оның сөзінше,  партия жұмысында әділеттік пен ашықтық маңызды. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламаларын орындауда тиянақтылық қажет дейді. Айта кетейік, бұған дейін бөлек-бөлек кеңес ретінде қаралған білім беру және денсаулық салалары қосылып, ортақ құрылым боп бірікті. Оның төрағасы болып,  мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі  Саясат Нұрбек тағайындалды.

Ринат КЕРТАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қазір ел арасында әлеуметтік мәселелерге деген сұраныс пен талап жылдан жылға күшейіп келе жатыр. Сол себептен де бұл бұл біз үшін өте жауапты жұмыс. Бұл әсіресе партияны өзгерту, трансформация кезінде аса маңызды болып отыр. Ашықтық және тиімділік, әрі партияның қызметінде сервистік принцип, яғни халыққа қызмет көрсету тұжырымы алдыңғы қатарға шықты.

Саясат НҰРБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің қоғамдық кеңес жұмысының форматы өзгереді.  Кездесулер осындай кеңейтілген құрамда өтіп қана қоймайды, сонымен қатар елді мекендерді, нысандарды аралау, белгілі бір сала мамандарымен кездесулер, әлеуметтік нысандарды, білім беру, денсаулық сақтау нысандарын аралау жоспарланған.  Мобильді топтардың сапарлары аясында сала мамандарымен, сарапшылармен кездесулер ұйымдастырылып, біздің кеңес жұмысына осындай жаңалық енгізілмек.

Кеңестің алғашқы отырысында балалар арасындағы спорт түрлерін дамыту мен білім саласындағы олқылықтар туралы сөз болды. Соның бірі -маман тапшылығы. Әсіресе жетіспеушілік Атырау, Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында байқалады. Бұл мәселені шешу үшін  арнайы жоба жүзеге асырылады дейді жауаптылар.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


1954 ең үздік мұғалімдер жіберілуі қарастырылып отыр. Бұл қандай мұғалімдер бірінші кезекте , бұл жаңағы математика пәні бойынша, биология,ағылшын тілі орыс тілі бастауыш пәнінің мұғалімдеріне қатысты жетіспеушілік бар соның орнын толытруға бағытталған үлкен бір арнайы жақсы жоба құрылып отыр.


Б. Сатуов