Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік қызмет сапасы артады

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2022
  • 978

1 ай бұрын Президент мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтуға қатысты жарлыққа қол қойды. Содан бері құзырлылар мемлекеттік органдарда мониторинг жүргізіп, ішкі әкімшілік рәсімдерді қайта  зерделеген.  Түрлі талдаулар жасаған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Консультативтік-сараптамалық топтың отырысында жарияланды. Мақсатқа жету үшін алға қойылған  міндеттер таныстырылды. Бюрократияны тудыратын себептерді жоюдың тиімді тетіктері айтылды. Жиында 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері және оны жүргізудің жаңа әдіснамасының жобасы да талқыланды.   

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мына сөздің артықшылығы бар. Мынау қажет емес деп отырсақ жылдың аяғына дейін былай жұмыс жүргізе алмаймыз.  Сондықтан да қазіргі кезде біздің алдымызда нақты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, халыққа мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін, біздің мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметшілердің тиімді екенін, халық үшін ел үшін қызмет ететінін көрсетуіміз қажет. Ең негізгі мақсат осы.


Ә. Бердібеков