Елордада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша халықаралық конференция өтті. Шараға кәсіподақтар федерациясының өкілдері, еліміздің ірі жұмыс берушілері, еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Конференцияда еліміздегі 40-қа жуық ірі компания үздік өнімдерін көрмеге қойып, көпшілік назарына ұсынды. Жиында еңбек жағдайларын жақсарту мен еңбектегі қауіпсіздікті күшейту жайы талқыланды. Конференция елімізде осымен оныншы рет ұйымдастырылып отыр.
Төлеген ОСПАНҚҰЛОВ, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:
Осы мына кейінгі бес жылдың ішіндегі жағдай осы еңбек қауіпсіздігіне жағдайға тоқталатын болсақ, бұл жағдайымыз бізде жылдан-жылға төмендеп келе жатыр. Соның барлығы да осы мына бүгінгі өткізіліп жатқан шараның нәтижесі деп ойлаймыз.
Б. Сатуов