Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік тұрғын жылыжайда қарасора өсіріп, есірткі зертханасын ашқан

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2022
  • 2002

Ақтөбеде жылыжайда қияр емес, қарасора өсірілген. Заманауи техникамен жабдықталған ескірткі зертханасын қала маңындағы саяжайлардың бірінде 48 жастағы тұрғын ашқан.  

Қарасора әдеттегідей бақшада емес, үй гүлі сияқты бөлек-бөлек ыдыста өсірілген.  Саяжай иесі  полицияға шөпті өзім үшін өсірдім деп түсінік беріпті. Тұқым мен қажетті техниканы интернет дүкендерден сатып алғанын айтқан. Жылыжайдан бөлек, зертханада қарасораны өңдейтін арнайы бөлме бар. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары зиянды өсімдікті түгел жұлып әкетті. 400 грамнан асатын есірткі заты сараптамаға жіберілген. Ал, жылыжай қожайыны қамауға алынып, қазір тергеліп жатыр. Оның бар мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін  бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Г. Сейтенова