Русский Сайттың толық нұсқасы

"Референдум халыққа үлкен мүмкіндік беріп отыр",-сенаторлар

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2022
  • 991

5-маусым халық өз таңдауын жасаған тарихи күн ретінде тәуелсіз Қазақстанның жылнамасына жазылады. Батыс Қазақстан облысын аралап, түрлі еңбек ұжымдарымен, студенттермен кездескен Сенат депутаттары осылай дейді. Олардың айтуынша, референдум халыққа үлкен мүмкіндік беріп отыр. Өйткені толғағы жеткен келелі мәселені қалың бұқараның өзі талқыға салып, керегін өзі айқындайды. Сондықтан еліміздің бас заңын уақыт талабына сай өзгертуге әр азамат мүдделі болуы тиіс, дейді депутаттар. Ел аумағында жүргізілген түсіндіру жұмыстары  нәтиже берген.

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл жерде референдумның артықшылығы - Конституцияның 33 бабы бойынша 56 өзгеріс енгізілетін болса, соның барлығы халыққа қазір жария етілді. Оның бәрімен халық танысып шықты.  


Е. Карин