Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2022
  • 1205

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Президент   жарқын болашақ үшін «Балалар жылы» қолға алынған жобалардың ары қарай жалғаса беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам. Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да ұйымдастырылған. Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады. Жас қазақстандықтарды және барша жұртты осы жарқын мерекемен құттықтаймын.

А. Съезбек