Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада оқушыларға арналған жаңа орталық ашылды

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2022
  • 1406

Балалар күніне орай, бүгін Елордада жаңа орталықтар есігін айқара ашты. Қосымша білім берумен қатар, заманға сай өнерге баулымақ. Мың жарым балаға арналған орталықта 10 түрлі үйірме бар. Бұл жазғы демалысқа шыққан оқушылар үшін уақытты тиімді өткізетін орынға айналмақ.

Есілдің сол жағасында орналасқан "Білім-парк" өнер, білім орталығы мың жарым балаға есептелген. Әлеуметтік осал топтағылардың баплаларына үйірмелерге тегін қатысу мүмкіндігі бар. Жазылу үшін арнайы сайтта өтініш қалдырса болғаны.  

Айгүл ӘЙТІМОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Басты назарымызда ІТ және техникалық, шығармашылық бағыт. Оның ішінде робототехника, легоқұрастыру, судомоделирование, ракета құрастыру, және авиамоделирование үйірмелеріне келе алады.

Балаларды мерекемен құттықтауға қала басшысы Алтай Көлгінов арнайы келді. Ол қосымша сабақтарды сыртынан бақылап, жаңа технологиялармен жабдықталған кабинеттерді аралап көрді. Бұдан бөлек Оқушылар сарайының бос тұрған кабинеттерінде «SANA» креативті білім беру және «TANYM» креативті технологиялар орталықтары ашылды. Бұл орталықтарда балаларға бағдарламалау және компьютерлік графика дәрістері өтеді. Сабақтар тегін өткізіледі.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Білім беру, балаларды тәрбиелеу, қосымша білім алу мүмкіндіктерін елордада көбейтеміз. Осыны біз балаларға жеткіздік. Және Нұр-Сұлтан қаласының білім саласы жылдан-жылға дамып келеді. Әсіресе халқаралық, республикалық олимпиадаларда елордамыздың оқушылары бірінші орын алып келеді. Сонымен құттықтадық.

Алтай Көлгінов оқушылар сарайында халықаралық және республикалық олимпиадаларда топ жарған жеңімпаз-жүлдегерімен де жүздесті.  Астана әкімі ел намысын білім бәйгелерінде қорғап жүрген дарынды жастардың алдында сөз сөйлеп, пәндік олимпиадалардан алған жүлделерін салтанатты жағдайда тапсырды.