Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ата-ананы бағалаңдар!",- балалар үйінің тәрбиеленушісі

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2022
  • 1511

“Ата-ананы бағалаңдар!" Ақкөл аудандық балалар үйінің тәрбиеленушілері өз замандастарын балаларды қорғау күнімен құттықтап, осындай тілек жолдады.  94 бүлдіршіннің шаңырағына айналған ордаға бүгін қала белсенділері  келіп,  балдырғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 16 жастағы Юра есімді жасөспірім туғаннан осында тәрбиеленіп келеді. Қазақ тілін ерекше құрметтейтін жеткіншек   бос уақытында каратэ, футбол сынды спорт түрлерімен айналысады. Юра өз қатарластарымен бұл мерекені жыл сайын ерекше атап өтетінін айтып, демеушілерге зор алғысын білдірді.

Юра, АҚКӨЛ, АУДАНДЫҚ №1 БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

"Көңіл-күй керемет. Демеушілер келіп керемет мереке сыйлап жатыр, көп рақмет айтамыз. Қатарластарыма тілерім, мереке құтты болсын. Ата-аналарыңды тыңдаңдар,  шуламаңыздар.

Балалардың барлығы өнерлі. Танымдық сұрақтарға да мүдірмей  жауап береді.   Іс-шара барысында ел іргесін ұстайтын ұрпақтарға жомарт жандар мерекелік сыйлықтар  табыстады.

Наргиза ТӨКСЕЙІТОВА, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ №1 БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕШІСІ:

Бүгінгі балалардың көңіл-күйі тамаша, керемет, жоғарғы деңгейде! Балалар бүгін өте бақытты. Себебі, бізге көптеген адамдар келіп осындай бақыт, қуаныш сыйлап жатыр. Барлықтарыңа үлкен рақмет айтамыз, балалардың көңіл-күйін көтергендеріңіз үшін.