Русский Сайттың толық нұсқасы

Е.Тоғжанов жастармен жолығып, Президент бастамаларын талқылады

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2022
  • 1244

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, бүгін бас қалада Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерімен кездесті. Халықаралық ІТ технопаркінде өткен жиында, жалпыхалықтық референдум мен жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы пікір алмасты. Ералы Тоғжанов Президент бастамаларын білімді ұрпақ қана жүзеге асыра алатынын, сондықтан жастарды ғылым үйренуге шақырды. Шараға қатысушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Кездесу еркін әңгіме форматтында өрбіді.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қасым-Жомарт Кемелұлы біраз ой салды. Білім – осы болашақтың негізі. Білім алмайтын болсақ біз алдыңғы қатарлы елдердің арасында жүреміз деп ойламаймын. Білім ала алмайтын болсақ қазір мына өмірде болып жатқан күрделі өзгерістер, түбегейлі өзгерістер солардың арқасында болады деп те ойламаймын. Білімсіз ұлттың болашағы да белгісіз.