Биыл елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тағы 27 студенттер үйі салынады. Аталған механизм іске қосылғалы 30 мыңға жуық студент жайлы жатақханаларға көшіп үлгерген. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатын орынмен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысқан өскемендік кәсіпкерлермен тілшіміз кездесіп қайтты.
Ұлпан Сейітханова Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті. Наурыздан бері құрбыларымен жаңа жатақханада тұрып жатыр.
Ұлпан СЕЙІТХАНОВА, С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:
Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, бұл жерде студенттер үшін бәрі қамтылған. Кір жуатын машина болсын, тамақ істейтін плитамызға дейін заманауи. Біз мұнда өзімізді еркін және комфортно сезінеміз.
Болашақ филолог Әйгерім Әлімбекова жатақхана ақылды үймен пара-пар дейді. Тегін вай-фай, қауіпсіздік жүйесі мен іштегі полиграфия оқуға өте ыңғайлы екенін жеткізді. Асхана мен дүкен де осында. Жақында спортзал мен шаштараз ашылмақ. Студенттер үйін 10 айда салған серіктестік директоры мемлекетпен әріптестігіне риза. Дегенмен, басында күмәні басым болғанын айтады.
Назым СЕЙІТҚАЗИНА, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Біз ақпанда ашылдық. Сонда барлығы мұндай уақытта кім келіп кіреді? Қыркүйекте бастау керек еді десті. Бірақ наурызда студенттер кезекке тұрғанын көргенде таң қалды.
Республика бойынша жыл соңына дейін 10 мың орындық тағы 27 жатақхана салынады деп жоспарланып отыр.
Арнай СМАҒҰЛОВ, ҚР БҒМ ЖАНЫНДАҒЫ «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ӨКІЛІ:
Бірінші кезекте жатақхананы реконструкциялау қайта құру жолымен салуға болады. Яғни, оған 47 АЕК көлемінде ақша төленеді. Не болмаса салу жолымен, яғни, онда 122 АЕК көлемінде төленетін болады. Студенттерден алатын төлемақыдан басқа қосымша дүкен, буфет ашып, яғни, тағы да бір қосымша бизнес көзі ретінде жасауға болады.
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша 4 жылда 124 жатақхана салынды. Оларға 8 жыл бойы мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. "Радмир мен Рамир" серіктестігі осы уақыт ішінде мемлекеттен жатақхана салғаны үшін 418 млн. теңге алатын болады. "Қаржы орталығы" өкілдері төлем жыл бойы жүргізілетінін атап өтті.
А. Съезбек