Русский Сайттың толық нұсқасы

«Шымкент жастар лигасының» жеңімпаздары марапатталды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2022
  • 1754

Спорт – денсаулық кепілі. Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен жүзеге асырылған «Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысы   мәреге жетті. 80 млн теңге  жүлде қоры  бар спорттық дода несімен ерекше? Оны өңірдегі тілшіміз  Айзада Төребекқызынан білейік.

«Шымкент жастар лигасы» Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама аясында өтеді. Ауқымды спорттық сайыс биыл қаладағы мектеп оқушылары арасында екінші рет ұйымдастырылды.
 
Мағжан ИСАҚОВ, ШЫМКЕНТ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Жалпы бұл Шымкент жастар лигасы оқушылардың жаңағы мектептен тыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, оларды жаппай бұқаралық спортқа тарту, олардың құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда. Ол да өзінің үлкен жетістігін беруде.
 
Жастар лигасына өткен жылы 140 мектеп қатысса, биылғы біріншілікте  қаладағы 151 орта мектептен  6 мыңға жуық оқушы бақ сынады. Олар спорттың 4 түрі- футбол, волейбол, баскетбол және интеллектуалдық шахмат бойынша сайысты.  
 
Ерсұлтан АХМЕТБЕК, М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ №8 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:
 
Осы чемпионат өте қиын болды. Бірақ  барлық мектептер өздерін өте мықты боп көрсетті. Сол үшін біз барлық мектептерге рақмет дейміз. Жалпы акиматский лигаға рақмет дейміз, осы жастарға үшін.
 
Жарыстың жүлде қоры- 80 млн. теңге. Жеңімпаз командалардың әрқайсысына 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық бұйырды. Бірінші орынды қанжығаға байлаған мектептер қомақты қаражатты қайда жұмсайтынын  жоспарлап үлгерген. Бастысы,  сайысқа қатысушылар қатары жылдан жылға артып келеді дейді ұйымдастырушылар.

А. Төребекқызы