Шымкенттегі қоғамдық кеңес мүшелері, Референдум ел тағдырын шешеді деп топшылайды. «AMANAT» партиясының жергілікті филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес бүгінгі отырысын Референдум өткізу және оған белсенді түрде қатысу мәселесіне арнады. Жиналғандар мемлекетіміздің маңызды құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне әрбір қазақстандық жауапкершілікпен қарауы тиіс деп санайды. Референдум ол – жаңа Қазақстан, халқымыздың жаңа Қазақстанға жаңа бетбұрысы екенін тілге тиек қылғандар Жаңа Қазақстанды құрудан жас та, кәрі де шет қалмай, белсенді түрде дауыс беретініне сенімді.
Төреайым СҰЛТАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ. ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:
Қазақстан азаматтарының бәрінің қоғамдағы белсенділігі бізге керек болып тұр. Өйткені өздерінің тағдырын, елдің тағдырын, болашағын шешетін референдумның бүгінгі таңдағы маңызы өте зор. 36.58-Референдумға әркім өзінің жауапкершілігімен бару керек. Өйткені бұл – өзгеріс. Жаңа Қазақстандағы жаңа өзгеріс – реформа. Бұл біздің ата заңымызға өзгерістер енгізе отырып, болашағымыздың жарқын болуына жасалынып отырған үлкен бір қадам.
А. Төребекқызы