Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласы бойынша 1 млн астам тұрғын дауыс беруге құқылы

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2022
  • 1152

Алматыда   1 қалалық, 8 аудандық және 574 учаскелік референдум комиссиясы жұмысқа кірісті. Бүгін мегаполистің 1 миллионнан астам тұрғыны дауыс беруге құқылы.   Ұлттық кітапханада орналасқан  учаскеге 1739 сайлаушы тіркелген.  Дауыс беру барысын  тиісті талаптарға сай жүргізу  үшін барлық жағдай жасалған. Референдумда әр дауыстың маңызды екенін,   дауыс берудің зор жауапкершілік екенін   тұрғындар  саналы түрде түсінетінін айтады.    

БЛИЦ:
 
- Бүгін- еліміз үшін маңызды күн. Себебі, мемлекетіміздің даму бағыты айқындалады. Сондықтан әр дауыс маңызды. Мен оны жақсы түсінемін.   

- Бүгін референдумға дауыс беріп жатырмыз. Әр адам жауапкершілікті сезіну керек. Бұл біздің борышымыз.