Мәжіліс төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Нұр-Сұлтан қаласындағы нөмірі 110 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Бұл учаске «Қазақстан темір жолы» ғимаратында орналасқан. Мұнда 2 818 адам дауыс беруші ретінде тіркелген. Палата спикері елордалықтармен бірге Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда өз таңдауын жасады.
Ә. Дүкембаева