Тура бүгін 18 жасқа толып отырған елордалық тұрғын да өз таңдауын жасады. Қала іргесінде орналасқан Күйгенжар ауылының тұрғыны - Алтын Әбдірахманова үшін, енді 5-маусым туған күн ғана емес, тарихи сәт болып саналмақ. Алғаш рет дауыс берген елордалық естелік сыйлық алды. Бойжеткен тарихи сәтті болашағымен байланыстырады. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Енді ғана қолына жеке куәлігін алған Алтын, осы күнді асыға күткен. Алғаш рет саяси науқанға ат салысып отырғанын мақтаныш етеді. Өзі тұратын ауылдағы референдум учаскесіне түс болмай келіп, өз дауысын берді. Ол биылғы туған күні тарихи күнмен тұспа тұс келгені, жақсылыққа балайды.
Алтын ӘБДІРАХМАНОВА, КҮЙГЕНЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бұл тарихи сәт, менің 18 жасқа яғни кәмілеттік жасқа толуыммен, тұспа-тұс келіп тұрғандықтан бұл мен үшін қуанышты сәттің бірі. Референдумға ең алғаш дауысымды беріп тұрғандықтан қуанышты сәт, әрі қобалжытатын сәттердің бірі болып табылады.
Референдум - мамандығыммен тығыз байланысты дейді. Өйткені ол Еуразия Гуманитарлық колледжінде, Құқықтану мамандығында оқиды. Биыл 3 курсты тәмәмдап жатыр. Сондықтан Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халықтың таңдауы бірегей жоба деп санайды.
Меруерт ӘБУОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №33 УЧАСКЕЛІК БӨЛІМІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Тұрғылықты тізім бойынша, қазіргі таңда біздің участкіде 1284 тізім бойынша тұрғындар бар. Оның ішінде 19адам 18 жасқа толған жасөспірімдер тіркелген. Тіркелген тізім бойынша ең үлкен 96 жастағы әжей осы жергілікті тұрғын болып табылады.
Төрағаның айтуынша, ауылдың белсенділігі жақсы. Референдум учаскесі Күйгенжар ауылындағы 42 орта мектебінде орналасқан. Меруерт Әбуованың айтуынша, 1284 адам дауыс беру құқығына ие. Таңғы 7:00 де келген ауыл тұрғындарына естелік ретінде сыйлық табысталған. Олардың арасында туған күн иесі Алтын Әбдірахманова да бар.
Ә. Дүкембаева