«Халық азаматтық борышын жақсы сезінеді». Демократиялық институттың экзит пул (EXIT POOL) жұмысы бойынша интервьюері осындай пікір білдірді. Қызылорда облысы бойынша референдум учаскелерінде 12 интервьюер анонимді сауалнама жүргізуде. Оның 5-еуі- қалада, қалғаны -шалғай ауылдарда. Насихат Смайл 4 жылдан бері осы бағытта жұмыс істейді. "Бүгін халықтың белсенділігі ерекше, дауыс беруге үздіксіз келіп жатыр" дейді ол.
Насихат СМАЙЛ, ДЕМОКРАТИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ EXIT POOL ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ИНТЕРВЬЮЕРІ:
Тұрғындарымыз өте белсенді. Қай сайлау болса да, азаматтық парызын сезінеді. Референдум сайлауы тәжірибемізде бірінші рет. Бүкіл сайлау түрінде осылай жұмыс жасаймыз. Негізгі мақсаты сайлауалды болжамды нәтиже шығару.
М. Тоқтасынқызы