Еліміздің медиа кеңістігінде алғаш рет ұйымдастырылған «Референдум» онлайн марафоны әлі жалғасуда. Ел тарихындағы ауқымды саяси науқаннан ақпар таратып, таңсәріден түнге дейін тың жаңалықты телекөрерменге ұсынатын шара 16 сағат бойы эфирде болады. Қазір сол жерден біздің тілшіміз Әділжан Бердібек тікелей байланысқа қосылады. Әділжан, ерекше форматтағы шара қалай болып жатыр?
Әділжан БЕРДІБЕКОВ, ТІЛШІ:
Әділет, рахмет! Телемарафонды тамашалаушылардың назарына мазмұнды сұқбат, түрлі тақырыптағы пікірталас пен талқылау, қызықты қойылым да, әуезді ән де ұсынылуда. Мәжіліс депутаттары, саясаттанушылар және түрлі саланың өкілдері мен белсенді жастар осы алаңда қонақта. Дәл қазір менің қасымда марафон қонағының бірі, Сенат депутаты Дана Нұржігіт тұр. Дана Өмірбайқызы, Елімізде өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумның маңызы қандай? Өзіңіз дауыс беріп, таңдау жасадыңыз ба? Өзгерістердің бір күнде болмайтынын жақсы түсінеміз. Дегенмен референдумнан халық не күтеді? Алда қандай өзгерістер болады?
Дана НҰРЖІГІТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Әрине, қайырлы күн қымбатты қазақстандықтар, көрермендер! Қымбатты әріптес! Марафонға шақырғандарыңызға көптен-көп рақмет. Мен өз басмы халық арасында қоғамымызда үлкен бір серпілістің болып жатқанына куә болып отырмын бүгін. Біз жаңалыққа құштар екенбіз. Біз өзгерістің керек екенін өте терең түсінген қоғам екенін көріп отырмыз. Біз бүгін есею аттестатына емтихан тапсырып жатқан сияқтымыз. Біз расында да ықпалды Парламент болсын деп, халық алдында есеп беретін Үкімет болсын деп, Президентіміз күшті болсын, суперпрезиденттік қоғамнан кетіп, бүгінде мүлде басқа қоғамды құрамыз деген соған белшешіп кіріскен қоғам екенімізді соған лайық екнімізді көріп отырмын. Қуанышымда шек жоқ. Қазірдің өзінде жаңа ғана көріп қайттым мына орталық сайлау комиссиясының мәліметін. 59,32 процент дауыс берген қоғамымыздың азаматтары. Уақыт әлі түс болып қалды осының өзінде 60 пайызға жетіп қалған дауыс берушілердің саны. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Оған қоса мен мына медиа саласындағы мамандардың жасап жатқан қыруар жұмысын атап өткім келеді. Қазір өтіп жатқан онлайн марафонның ар жағында машақаты көп қаншалықты жұмыстың тұрғанын мен жақсы білемін. Сіздің орныңызда мен де болған бірнеше жыл бұрын. Тікелей эфирдің қандай болатынын жақсы білемін. Сондықтан сіздердің еңбеңтеріңізде ұшан теңіз.
- Өзгерістердің бір күнде болмайтынын жақсы түсінеміз. Дегенмен референдумнан халық не күтеді? Алда қандай өзгерістер болады?
Дана НҰРЖІГІТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Шынын айтқанда бұл референдум үлкен жұмыстың бастамасы, алғашқы қадамы. Біз дауыс бердік деп әрі қарай жата қалудың қажеті жоқ. Жұмыс енді басталады. Жұмыс енді қыза түсуі керек. Және біреуден күтетін жұмыс емес өзіңнен басталатын жұмыс. Өзгеріс өзіңнен басталу керек дейді. Біріншіден әділетті біз талап еттік па сол әділетті қоғамды құру өзімізден басталады. Коррупциямен күресеміз дедік па, жемқорлықпен күресті өзіңнен баста. Пара берме, параны алма. Содан кейін өз құқыңды қорғай алатын бол. Яғни біздің мемлекетте омбудсмендік институттың іргетасы қаланды. Заң қабылданды. Әрбір аймақта адам құқығы жөніндегі омбудсмен болады. Конституциялық сот болады. Яғни сенің құқығыңды қорғаймын дейтін Конституциялық сотқа арнайы арыз жазатын сенің құқығың бар. Ықпалды Парламент болады дедік. Яғни саяси додадағы күресте қазір өте қызу болады. Жалпы референдуммен жаңа кезең басталды. Жаңа кезең. Жаңа трендтер. Жаңа есімдер. Сол жаңа есімдер, жаңа кейіпкерлер сол жауапкершілікті түсіну керек. Абырой жинайтын уақыт қазір. Абыройды төгу бір ақ секунд. Бірақ абырой жинайтын, есіміңнің халыққа жария болатын кезеңі дәл осы жаңару, жаңалық кезеңі.
- Дана Өмірбайқызы, уақыт бөліп, сұқбаттасқаныңызға рақмет.
Әділжан БЕРДІБЕКОВ, ТІЛШІ:
Онлайн марафонда референдум барысынан жедел ақпарат таратылып, өңірлердегі дауыс беру көрсеткіштері жариялануда. Таңғы сағат 9 00 басталған қазақстандық медиа кеңістіктегі тұңғыш саяси шара түнгі сағат 1 ге дейін тікелей көрсетілімде жалғасатын болады. Әділет, мендегі ақпарат осы.
Ә. Бердібеков