Русский Сайттың толық нұсқасы

Дауыс берушілер референдумға ерекше киім үлгісімен келді

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2022
  • 1244

Елдегі саяси науқанға тұрғындар белсенді, әрі көтеріңкі көңіл-күймен ат салысты. Тіпті кейбір дауыс берушілер киім үлгісімен ерекшеленді. Алып денелі батырлар, әлемдік кино туындылардың жұлдыздары, сондай-ақ, мультфильм кейіпкерлері референдумға келіп, өз таңдауын жасады.  

Референдум учаскелеріне ерекше киім үлгілерімен келгендер, көпшіліктің назарын аудармай қоймады. Өз таңдауын жасауға келген жастар, осылайша көптің көңілін көтеріп тастады. Комиссия мүшелері оларға дауыс беруге еш кедергі келтірмеген.

Шымкентің алып жігіттері болса сайлау учаскелеріне қазақ батырларының киім үлгісімен келді. Олар ұлттық киіммен келу себептерін ауданда бір іс-шараға кетіп бара жатқандықтан, жолай бұрылдық деп түсіндірді.  Дауыс беруге келген көпшілік қазақ батырларының бүгінгі жұрнағына таңдана да тамсана қарап, жапа тармағай суретке түсіп жатты.  Ал  Алматыдағы оқушылар сарайында орналасқан № 377 сайлау учаскесінде дауыс берушілерді мультфильм кейіпкерлері қарсы алды. Олуф, Гринч және қазақтың нар түйесі осылайша тұрғындарға маңызды күнде көңіл – күй сыйлады.

Олжас АРАПБЕК, СТУДЕНТ:

Жалпы, бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін үлкен бір мереке болып жатыр. Қазіргі таңда әртүрлі отбасылар болады, біреуі баласымен келе жатса, біреуі өзі келеді. Біздің мақсатымыз осы мультфильм персонаждары арқылы балаларды ойнатып, күлдіру.


Сонымен қатар балаларды жаңашылдыққа үйрету – дейді олар. Бала түгіл ересектердің өзі қуана-қуана олармен суретке түсіп, тіпті ән айтып, би де биледі.

Ә. Бердібеков, А. Төребекқызы, Ә. Лесбек