Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына ерекше аталып өтті

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2022
  • 2304

Отыз атты адам, отыз автокөлік және отыз велошабандоз Шымкентте бір мезетте көк туды желбіретіп, қала көшелерімен жүріп өтті. Мемлекет үшін маңызды мерекені мегаполис халқы осылайша ерекше   атап өтті.  

Мемлекеттік рәміздер күні дәстүрлі түрде Ордабасы алаңынан бастау алды. Елтаңбамызды көтерген әскерилер Тәуелсіздік саябағына дейін жүріп өтті.  Бұл жерде әнұран шырқалып, ән мен күй мерекенің шырайын аша түсті.  

Нұрдәулет ТҰРСЫНҒАЛИ, СТУДЕНТ:

Әрбір қазақ жастарының осындай мерекеге келіп, атсалысуының өзі әрбір қазақ жастарының патриоттық сезімін, Отанға деген махаббатын және де сүйіспеншілігін арттырады.

Көк туды көтерген  шерушілер үш топқа бөлінген.    30 автокөлік, 30 велоспортшының шеруі және  30 атты еріктілер қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп,  Бәйдібек би ескерткішіне дейін барды.  

Шыңғыс МҰҚАН, ШЫМКЕНТ қ. ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл- халықтық мереке. Мемлекеттік ту, рәміздеріміз әрқайсымыздың жүрегімізде. Және бұл мемлекеттік рәміздерге қатысты іс-шаралар тек бүгінмен бүгін басталған жоқ және бүгінмен шектелмейді. Жыл басынан бері мемлекеттік рәміздерге байланысты әртүрлі шаралар өтіп келе жатыр.

Рәміздер күні Шымкентте жыл сайын ауқымды түрде аталып өтіледі. Мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығының белгісі, мақтанышы мен айбыны рәміздерімізді музейдің экспонаты ретінде сақтап қана қоймай, күнделікті тұрмыс тіршілігімізде лайықты қолдануды да насихаттауымыз керек дейді билік өкілдері. Бұл бастаманы қолдайтын жастар қайда жүрсе де көк туды желбіретіп, әнұранды әуелетіп  жүретіндерін жеткізді.   

А. Төребекқызы