Русский Сайттың толық нұсқасы

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясын сотқа берді

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2022
  • 1380

Өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметкерлері апат болған Абай шахтасында өрескел заң бұзушылықтарды анықтап, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясын сотқа берді. Кен орнында адам өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларға жол берілген. Нақыт айтқанда, шахта тау- кен қатпарының температурасын анықтайтын аспаптармен қамтамасыз етілмеген. Тау- геологиялық жағдайларды болжау әдістемелері де жоқ. «Арселор Миттал Теміртау»   өзіне тиесілі кен орындарында жер асты сейсмикалық бақылау жүргізбеген, геологиялық- маркшейдерлік қызмет учаскелерінде компьютерлік техникаларын жаңартпаған. Инспекторлар өндірістік қауіпсіздік заңдары мен ережелері барлық шахталарда бұзылғанын анықтады.   

А. Қуаш