Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО бұралқы иттер қорадағы қойды талқандаған

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2022
  • 2098

Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер төрт түлік малға маза берер емес. Иесіз төбеттер бұл жолы Бөрлі ауданындағы Қызылтал ауылы тұрғынының қорадағы қойын талқандаған.

Мал иесі Гүлфия Қазымова қорадағы қамаулы қойының әр жерде шашырап, қимылсыз жатқанын байқаған. Осыдан кейін бір бәленің келгенін аңғарып, полицияға хабарласыпты. Тұрғынның айтуынша, бұралқы иттердің қорадағы малға шабуы бұған дейін де бірнеше рет болған. Өйткені иесіз иттер ауыл маңындағы қоқыс төгетін орыннан шықпайды. Бүгін малға шапқан хайуан енді адамды да талауы мүмкін, дейді ашынған тұрғын. Амалы таусылған ол кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

Гүлфия ҚАЗЫМОВА, ҚЫЗЫЛТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Әкем бәленбай жыл шопан болды. Бұл қасқырдың немесе шакалдың ісі емес. Қасқыр жұлса кейбір қойдың ішкі құрылысын түгел суырып алады немесе тамақтан алады дейді. Бізге айтқаны бізден ештеме күтпеңіздер дейді.

Е. Карин