Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде нашақор жасөспірімдер мен жастар көбейген

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2022
  • 1722

Елімізде нашақор жасөспірімдер мен жастар көбейген. Қарағандылық наркологтар осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандар соңғы он жылда  жиілеген  суицид себебін  есірткімен байланыстырады. Ұрпақ болашағына төнген қауіптің бетін қалай қайтаруға болады? Мамандар не дейді? Айжан Қуаштың бейнематериалы.  

Елімізде есірткіге тәуелділердің ең жасы- 13 те.  Бұрын 17 жастан басталатын. Соңғыи он жылда есірткі тұтынатындар   жасарған. Қарағанды облыстық наркологиялық диспансерінде қазір 9 мыңға жуық науқас тіркеуде тұр. Оның мың үш жүзден астамы есірткі тұтынады. Бұл тек ересектер ғана дейді, ал мектеп оқушылары ата- аналары қаламағандықтан ресми есепке мүлде алынбайды.

Айгүл ДҮЙСЕМБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:


15 жастан, 13 жастан ерте қолданып жатқан жастардың саны үлкейді. Нашақорлықтан емделіп шығу нәтижесі өте төмен. Сондықтан бұл жерде біз алдын алу шараларын жиі қарастыруымыз керек, яғни жас адамдар, жеткіншек наркотикқа келмеуі керек.

Наркологттардың мәліметінше, жастар арасында синтетикалық есірткі экзотикаға айналған. Алайда бір рет дәмін тату 1 ай тұтынуға жетсе ағзаны тәуелділіктен құтқару қиын болатынын  ескертеді. Ол адамның психикасын, жүріс- тұрысы мен санасын, интеллектін құртады,- дейді мамандар. Сондықтан емдеу нәтижесі нөлге тең.

Айгүл ДҮЙСЕМБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Синтетикалық есірткіге тәуелді адамды емдеу басқа нашақорлыққаға қарағанда өте қиын. Өйткені бұл наркотик афитоминнің туындысы мифедрон болғандықтан ол адамның нерв системасына өте қатты әсер етеді. Кейінгі кездерде 10 жылдықта суицидтің жоғарылауы осы синтетикалық наркотикті қолдануға да байланысты болуы мүмкін.  


Қазақстанда бұл әлеуметтік дерттен емделушілердің тек 5 пайызы ғана сауығып шығады екен. Солардың бірі- Андрей. 20 жыл бойы есірткі тұтынған. Жас кезінде дзюдомен айналысып, Қазақстан құрамасына дейін кірген  спортшы есірткінің кесірінен барынан  айырылыпты.  

Андрей, БҰРЫНҒЫ НАШАҚОР:

Бұл психикалық, физикалық күйзеліске әкеледі. Ең қауіптісі бір рет дәмін тату. Спортшымын несі бар, төтеп берем, бір- ақ рет көрем деп ойладым. Ақыры құрсауынан шыға алмадым. Анам ауыр сырқаттанған кезде ғана ой түсіп, өзімді қолға алдым.

Мамандардың айтуынша, дерттен айығу 80 пайыз науқастың қайрат- жігеріне байланысты. Ал ол қасиетті есірткі құртып жіберсе үміт жоқ дейді.  Оның үстіне синтетикалық есірткі қазір әлеуметтік желілерде емін- еркін жарнамаланып, сатылып жатыр.  Полиция дерегінше, жылына 179 келі қауіпті зат тәркіленеді.

А. Қуаш