Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізушілер қалай жазаланады?

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2022
  • 1215

Көлікке жалған мемлекеттік нөмір таққандардарға жаза күшеймек. Ұсынылған норма Парламент Мәжілісі екінші оқылымда мақұлдаған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілді. Енді көлік нөмірінсіз жүргендер мен жалған мемлекеттік нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылады. Депутат Нәзилә Раззақ атап өткендей, құқық бұзушы құқығынан айырумен қатар, бес тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Мәжілісмен бұл өзгеріс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырма аясында қолға алынғанын айтты.

Нәзилә РАЗЗАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұсынылып отырған тағы бір маңызды түзету - көлікті мемлекеттік нөмірсіз қайталап немесе бірнеше рет жүргізгені үшін, сондай-ақ көлік құралына жалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделіп отыр. Мысалы, бұрын жүргізушіге айыппұл ғана салынса, енді бір жыл бес тәулікке жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін.

Ә. Дүкембаева