Русский Сайттың толық нұсқасы

Баласын балабақшадан алып кетпеген ата-ананың жазасы қандай?

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2022
  • 2549

Петропавлда ата-ана баласын балабақшадан алуды ұмытып кеткен. Тәрбиеші 5 жастағы қыздың артынан адам келмеген соң, үйіне апарған. Кейін есіктің ашық тұрғанын байқап, полицейлерді шақыртыпты. Тәртіп сақшылары пәтердің ішінде ішімдікке сылқия тойып алып, тәтті ұйқыға батқан ата-анасын көрді. Артынша оларды әкімшілік жауапкершілікке тартып, баланы ережеге сәйкес қамқорлық органдарына тапсырды. Айта кету керек, аталған арақ құмар ана былтыр да мас күйінде баласына ие болмай, полицейлердің назарына іліккен еді.

Әйгүл КӘРІМОВА, СҚО ПД ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Алдыңғы уақытта ұқсас жағдай болған болатын. Баласы жылаған болатын. Көршілері тексерген кезде ата-анасв қазіргі уақытта сияқты мас күйінде болған. Бала өз бетінше, қараусыз деген сияқты. Біз ондай отбасылармен жұмыс жасаймыз. Бірақ түзелетін адамдар аз болып тұр. Олар құқықбұзушылықты жылына бір рет, жарты жылда қайталайтын фактілері бар.


Сорақысы сол, арада екі апта өткенімен, жауапсыз ана әлі күнге дейін сәбиін қамқорлық органдарынан алып кетпеген. Қазір құзырлы органдар комиссия құрып, оларды ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастырмақ. Айта кететіні, бұл селқос әке-шешенің тағы 4 жасар баласы бар. Ұл баланы мамыр айында туған әжесі өз қамқорлығына алған. Жалпы, теріскейде жыл басынан бастап 26 ата-ана құқығынан айырылды.

Мафруза НАУАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ІСІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бес жасар қызбала ата-ана қамқорлығынсыз қалған орталыққа орналастырылды. Оны әке-шешесіне қайтарып беру үшін біз анасына бірқатар талаптарды қойдық. Ішімдікті ішпеу, пәтерді таза қалпында ұстау жеген сияқты. Қыздың анасы екі аптада бұрын бұл міндеттердің тізімін алып, іс түссіз жоғалды. Енді арнайы комиссия олардың тағдырын шешуі тиіс.


А. Құрманкин