Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық құрылтай Ұлытау өңірінде өтеді

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2022
  • 1647

Ұлттық құрылтай 16- маусымда жаңадан құрылған Ұлытау өңірінде өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды. Жиынның басты міндеті  – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды әзірлеу деді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:


Ұлттық құрылтайдың алғашқы жиыны 16 маусымда,  жаңадан құрылған Ұлытау өңірінде өтеді. Консультативтік-кеңесші органның құрамында Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен белгілі сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері болады.