Русский Сайттың толық нұсқасы

Әділетті Қазақстанды құрудың негізгі тетігі – сенім, ауызбіршілік,- Г.Есқалиева

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2022
  • 1459

"Әділетті Қазақстанды" құрудың негізгі тетігі – сенім мен ауызбіршілік. Қызылордадағы кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнәр Есқалиеваның пайымы осы. Ол билік пен халық үйлесе, яғни түсіністікпен жұмыс жасағанда ғана референдум нәтижелі болады - деді. Бұған - маңызды күні учаскелерде адам қарасының көп болғандығын дәлел етті. Әрі халықтың ерекше көтеріңкі көңіл күйіне тоқталды.

Гүлнәр ЕСҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Референдум биліктің шын мәнінде халықпен ақылдаса отырып жұмыс жасауға ниетті екендігін аңғартты. Қызылорда облысы бойынша жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Себебі қазіргі таңда халықтың көңіл күйі өте жақсы. Халыққа айтып отырмыз "Жаңа Қазастанды" Сіз бенен Біздер бірге құрамыз деп.

Оралдықтар да референдумды оңды өзгерістерге бастар қадам деп бағалайды. Өйткені бұл бастамада көтерілген мәселелер көпшіліктің көңілінен шыққан. Дауыс беруге облыс халқының 69% қатысқан. Әсіресе ауыл халқының белсенділігі ерекше. Бұл - олардың болашаққа деген сенімінін белгісі - дейді Жоғарғы оқу орнының ректоры Нұрлан Серғалиев.

Нұрлан СЕРҒАЛИЕВ, М. ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БҚУ РЕКТОРЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Референдум халықтың діттеген жерін дөп басты. Қоғам да, адамдар да өзгерістің керек екенін жақсы біледі. 30 жыл артта қалды. Алда жаңа белестер, жаңа міндеттер тұр. Бүгінде халықтың да көзқарасы өзгерді, көп нәрсеге басқаша қарайды. Сол тұрғыдан алсақ, референдум өз биігінде өтті деп айта аламын.

М. Тоқтасынқызы