"L - Капитал" қаржы пирамидасына қатысты кінәлілер бостандықта жүр. Алматыдан елордаға келген жәбірленушілер осылай деп арнамызға шағымданды. Олардың айтуынша, осыдан бір жыл бұрын басталған қылмыстық іс жабылып, жауапты компания жауапкершіліктен босатылған. Сан соғып қалғандардың шағымын тілшіміз тындап көрді.
"L- Капитал" компаниясының салымшылары қаржы пирамидасын ұйымдастырғандардың бостандыққа шығып кеткендеріне наразы. Ашынған жұрт жанайқайымызды тыңдайтын жан жоқ дейді. Олардан Алматыдан елордаға әділдік іздеп келгендерін айтты. Жазира Әбішева қолындағы бар жиған тергенін осы компанияға акционер боламын деп салған. Айтуынша, компания агенттіктері уәдені үйіп төккен. Ақшаны банкке емес, инвестициялауға үгіттеген дейді. Ақыры Жазира бар ақшасын санап беріп, тақырға отырғанын кеш түсініпті.
Жазира ӘБІШЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
Мен 17 млн салдым. Біз алтын шығарып жатырмыз. Біз Қытаймен тығыз байланыстамыз, құс фабрикамыз бар. Олардың бәрін изучать еттік, в итоге оларда түк жоқ. Центральный депозитарийда ештеңе жоқ счетта ашылмаған, ақша да салынбаған.
Қоғамдық ұйым өкілдері Жазирадан басқа 1400 адам бұл қаржы пирамидасының құрбаны болғанын айтады. Олардың ең көбі 30 млн тенгеге дейін салым салған. Айтуынша, бұл іске қатысты 6 адам қамауға отырған. Бірақ іс сотқа жетпей жабылып, қамалғандар босап шыққан. Себебін, құзырлылар " шартты түрде жібердік" деп түсіндірген.
Бибінұр ШЕРАЛИЕВА, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ:
Бұл уже расследование бітіп сотқа беретін кезде, күдіктілерді СИЗО да отырғандарды шығарып жіберген. Я ущерб қайтарылған жоқ дейді, 39 млрд ущерб потвержденный бар. 1400 адам заявление жазып отыр. Бұларға бір гарантия берді ма , или бір 39 млрд активный залог қалтырды ма. Не болды екен деп.
Заңгер Жандос Тұяқов қаржы пирамидасын құрғандарға арнайы бап бар дейді. Ол жерде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Алайда келген шығынды өндіріп алу көптің қолынан келе бермейтінін мойындайды. Себебі алаяқтардың құрып отырған механизмі дейді.
Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:
Көп жағдайда жәбірленушілер жәбірленуші деп танылғанымен, бірақ та соттың шешімі олардың пайдасына шешілгенімен өзінде де көп жағдайда қаражаттарын қайтар алмай жатады. Өйткені неге? Қаржы пирамидасын құру мәселесінде бұның механизмі солай құрылған. Аяғында ақшаны ешкім таба алмайды. қайда кеткенін. Яғни олар оны біле тұра түрмеге барып отырып келеді.
Ішкі Істер Министрлігіне хабарласып көрдік. Министрліктің өкілі тергеу нәтижесін жария ете алмаймыз дейді. Расында талайдың таңдайына бал емес сор татқызған алаяқтан аузы күйгендер азаймай тұр. Оңай олжаны, тез байып кетуді ойлағандардың қатарын азайту үшін полицейлер дабылды қағудай қағып жатыр. Бірақ, оны ескеретіндер аз болып тұр.
Ә. Дүкембаева