Русский Сайттың толық нұсқасы

Саясаттанушылар референдумның маңызы туралы талқылады

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2022
  • 1717

«Референдум - халықтың саяси сауатын арттырды». Осылай деген саясаттанушылар конституциялық реформаның маңызын дөңгелек үстел басында талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. Сарапшылар соңғы болған маңызды оқиғадан кейін  халық пен билік арасындағы байланыс бұрыңғыдан да нығая түсті деп санайды. Яғни, халықтың пікірін сұрау, кеңесу - ел тұрғындарының болашаққа деген сенімін арттырып қана қоймай,  саяси сауатының артуына да сеп болған.

Мақсат ЖАҚАУ, САЯСАТТАНУШЫ:

Қазір шын айтқан кезде әрбір қазақстандық конституциялық  құқықтың бір маманы ретінде болып алған шығар. Себебі, әрбір қоғамның деңгейінде осы талдаулар сезіліп тұр. Қоғам өзінің шын айтқанда мүдделігін көрсетті. Елдің дамуындағы  конституциялық өзгерістерге деген көзқарасының ашықтығы, сауаттылығын көрсете білді. Оның барлығын кешегі дауыстардан да көруімізге болады.