Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда бюджетке 490 миллион теңгеден астам салық түспеген

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2022
  • 1365

Елордада ұйымдасқан қылмыстық топтың кесірінен бюджетке 490 миллион теңгеден астам салық түспеген. Қаржылық мониторинг агентігінің жергілікті мамандары көлеңкелі экономикамен айналысқандарды әшкере еткен. Виталий Хан басқарған топ сатып алушыларды салық төлеуден босату үшін 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар берген. Олар осылайша мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірген. Сот - басты айыпталушы Виталий Ханды, төрт жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша шығаруға қатысы бар тағы екі адамды шартты түрде соттады.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымда басшылық қызмет, оның ішінде шот-фактура беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Төленбеген салық камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында бүкіл контрагенттерден өндіріп алынады.