Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараз маңындағы құс фермасынан шығатын жағымсыз иіс тұрғындардың тынысын тарылтқан

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2022
  • 1886

Тараз қаласы маңындағы құс фермасынан шығатын жағымсыз иіс сол жердегі тұрғындардың тынысын тарылтқан. Таудай болып үйілген құс өлексесінің маңында өмір сүру мүмкіне емес дейді олар. Одан қалды фермада ішек-қарын жуылған шайынды су бүгінде жиналып көл болып қалған. Тараптарды тындағына аймақтағы әріптесім тақырыпты тарқатады.

Мырзатай ауылдық округіне қарасты шағын үш ауылдың тұрғындары құс фермасынан шағытын жаман судың жанына жиналды. Олар құс фермасынан шығатын қалдықтан экологияға орасан зиян келіп жатқанын айтып, шағымданды.
 
Нұржан ӘЛІМБАЕВ, ДИХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаздың мезгілі келген кезде мына сасық ауадан демалу мүмкін емес. Түңгі уақытта терезені де аша алмаймыз. Одан қала берді міне кей лай су, ластанған су. Ол жерге сіңіп оны біз тұтынып отырмыз. Мысалы сау адам жоқ бәрі ауру-сурқау. Ауылдың жастары осы экологиялық мәселені көтеріп жатырмыз. Бұл ертеңгі болашағымызға зиянын тигізеді.
 
Нұржан ОМАРҚҰЛОВ, ДИХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Округке жұмыс ашылды ма деп қуанғанбыз. Енді міне ауылдың экологиялық жағдайы төмендап бара атыр күнен-күнге. Қазір бір демалып отырайын десең сасық ауа келген кезде тұншығып кірерге тесік таппай қаласың. Осыған бір тоқтау болады ма десек бұл тағыда көлемін үлкейтіп соғамын деп жатыр.


Кәсібін кеңейтемін деген кәсіпкердің жоспарына тұрғындар қарсы. Алайды оларды тыңдайтын жан болмаған. Ал, құс фермасы басшысының дөрекілігінен дүйім жұрт қашып кеткендерін жеткізді.  Олардың бар талабы таза ауаға қол жеткізу.
   
Талғат ӘБДИЛИЕВ, ДИХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жиналысқа қатыстық. Ол директор емес. Ұқсамайды. Аузыңды жап, әр адаммен қол сілтеп сөйлесіп. Ол кісі разборкаға келіп тұрған сияқты. Дихан ауылын көшірейік. Бір фабрика үшін. Басқа жаққа көшірейік. Басқа вариант жоқ. Күшіміз жетпейді.
 
Нұрымжан КӘРІБАЕВ, МЫРЗАТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тыңдап жатқан адам жоқ. Жастар көтерілсе оппозинерсіңдер дейді. Шалдар көтерсе сендер алжығансыңдар дейді. Жағдаймызды жасап берсін. Әлеуметтік жағдаймызды айтып отырған жоқпыз. Бізге кәдімгі таза ауамызды берсін баяғы.

Аудан атқа мінерлерінің дерегінше бұл өндірістің ашылғанына алты жыл болды. Бұған дейін ешқандай шағым болған емес дейді. Бір анағы құс фермасы ауданға әжептеуір салық төлеп отыр екен. Бұқара экологияға емес экономикаға көбірек көңіл бөлініп кеткеніне күйінеді.
 
Болат САҒЫМБЕКОВ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы уақытқа дейін бұл мәселе көтерілген жоқ еді. Біздің ауданда тіркелген серіктестік. Ірі салық төлеуші жылына 200 млндай салық төлейді. Енді бұл мәселені бақылайтын боламыз. Басшысы жасаймын деп тұр ғой.
 
Фабрика басшысы өз ісін дұрыс деп санайды. Барлығын заң аясында деді. Осы уақытқа дейін жылына 8 мың тонна тауық етін өндіретін фабрика биыл өндіріс көлемін тағы 4 тоннаға арттырмақ.
 
Фарида ЖҮНІСОВА, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Әрбір өндіріс орнының исі болады ғой. Бірақ біз барлық нормативтерді сақтап тұрмыз. Санитарлық болсын, экологиялық болсын. Тазартылған қондырғыштан кейін барып жаңағы поляфилтясаға барып құйылады. Оны қан су деп айтуға болмайды. Су тазартылады. Лакаторлардан өтеді. Арнайы бактериялардан өтеді. Тазаланған су қоймаларға құйылады.
 
Құс фермасының басшысы тұрғындардың талабына құлақ асатын болды. Бірақ қашан екенін нақтыламады. Тыныс тарылған тұрғындар болса ыстық күнде көшеде тұмшаланып жүруден басқа амалы болмай тұр.

Б. Жұмабайұлы