Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында бұршақ жауды

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2022
  • 2704

Түркістан облысында бұршақ жауды. Төлеби ауданы Балдыберек ауылының тұрғыны тосын ауа райын ұялы телефонына түсіріп алған. Жерде әппақ боп жатқан бұршақты гіршілдете басқан видео авторы, бәрінен бұрын әлдеқашан түйін салып қойған  жеміс ағаштарына зияны тиетін болды деп алаңдауда.

Балдыберек - таудың етегінде орналасқан елді мекен. Демалыс күндері мұнда нөсерлі жауын жауған. Арты бұршаққа ұласқан. Ауа райын болжаушылар өңірде дауыл тұрып, өзендерде су толу қатері барын тұрғындарға ескерткендерін айтады. Ал бұршақтың жаууы қалыпты құбылыс деп отыр.

Жанат ЖАРМЕНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:


Маусым айында бұршақ жауғаны ол –қалыпты құбылыс болып саналады. Қалың будақ бұлттар түзілген кезде жекелеген аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал. Алдағы күндерде бүгін және ертең облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады. Найзағай және дауыл болады.


А. Төребекқызы