Русский Сайттың толық нұсқасы

Запастағы 78 офицер оқу-жаттығу жиындарына шақырылды

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2022
  • 1395

Запастағы 70-тен астам офицер бүгін Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиындарына шақырылды. Бұл жыл сайын жоспарлы түрде өтетін шара. 10 күн ішінде әскерилер тәжірибелік дағдыларын  жетілдіреді. Шендері жоғарылайды. Тілшіміз Айжан Шамшидин тақырыпты тарқатады.

Бұл запастағы офицерлер бүгіннен бастап жауынгерлік оқу-жаттығу жиындарына аттанады. Басты талап - жасы 40-қа дейінгі, денсаулығы  әскер сапында қызмет етуге жарамды болуы. Жиын елордада 14 мен 23 маусым аралығында өтеді.

Оралбек НҰРЛЫБЕК, ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР:

Өз еркіммен, өзімнің азаматтық борышымды өтеуге келіп отырмын. Біріншіден бұл Отан алдындағы міндетім, екіншіден қазіргі жастардың келешек ұрпақтың ел алдында жауапкершілігін сезініп, әрқашан әскерге дайын болуына, әскери оқу-біліктілігін арттыруға септігін тигізеді деп есептеймін.
 
Күзет ротасын арнайы өрістетуді жүргізу, жауынгерлік үйлесімділікті жүргізу сынды оқу жаттығу жұмыстары күнделікті өтеді. Он күн ішінде офицерлер су жаңа әскери киіммен, азық-түлік және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Ғани АРТЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Осы жиындардың барысында, күзет ротасы жасақталып, олар толығымен толықтырылып, олар күзет қимылдары объектілерімізді қалай қорғау керек, диверсиялы топтармен күрес жүргізу тәсілдерін пысықтайтын болады.

Ата Заңымызға сәйкес, барлық жиынға қатысушылардың жұмыс орны сақталады. Қорғаныс министрлігімен қарастырылған орташа еңбек ақысы да  төленеді. Әскери оқу жиындарының бағдарламасын сәтті меңгерген запастағы офицерлерге кезекті әскери атақ-шен беріледі.

А. Шамшидин