Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп оқушысы бала туып алған

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2022
  • 2264

Түркістанда 9-сыныптың оқушысы босанып қалған. Бұл дерек қалалық прокуратура жанындағы ведомствоаралық жиында мәлім болды. Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының мәліметінше, ерте жүктілік бойынша есепке алынған оқушы қыз қаңтар айында балалы болған. Осы жағдайдан соң ол "Аналар үйіне" жайғастырылыпты. Облыстық білім басқармасы мамандарының дерегінше, оқушының өзі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ол осыған дейін 75 жастағы кейуананың патронаттық қарауында болған екен. Оқушының айы-күні жақындағанға дейін сабақтан қол үзбегені белгілі болды.

Оразкүл ҚОЛДАСОВА, ТҮРКІСТАН қ. АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қаңтар айының 24-і күні босанып, 9-сынып оқушысы осындай жағдайда болып отыр. Мемлекеттік емтиханды алып келіп қатыстыруға тырыстық. Некрасов атындағы мектептегі жағдайға байланысты орын алған оқиғаға байланысты мектеп директорының мәжілісі өткізіліп, осыған байланысты қарамағындағы төменгі мамандарға, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарға ескертулер берілді.

А. Төребекқызы