Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық сенім кеңесінен құрылтайға

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2022
  • 1168

Кеңесіп пішкен тон келте болмас. Дала демократиясының бастауын қайта жаңғырту керек деді таяуда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.  Осылайша, ертең Ұлытау төрінде  Ұлттық құрылтай өтпекші. Жаңа құрылым ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді қабылдау үшін қажет. Тарихта алтын әріптермен жазылған құрылтай тізбегін тілшіміз зерттеп көрген еді. Назар аударайық.

Қазақстандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен үш жыл бұрын құрылған болатын. Оны құру туралы жарлық Мемлекет басшысы лауазымындағы алғашқы шешімдердің бірі болды. Бұл диалог алаңында - ел Президенті бей-жай қарамайтын, идеялары елді реформалауға негіз болған көптеген адамдарға мүмкіндік берді, деп санайды сарапшылар.

Айман ОМАРОВА, ҚҰҚЫҚҚОРҒАУШЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Ел саясатына, институционалдық істерге қатысты заңдар қабылданды. Ең алдымен бұл митингілер туралы заң, саяси партиялар туралы заң. Жеке мен үшін ең маңызды мәселе, әрине, өлім жазасын алып тастау болды. Және, әрине, менің бастамам – 130-бапты – жала жабуды декриминализациялау.

Ұлттық кеңес құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, үкіметтік партиялардың және үкіметтік емес сектордың өкілдері кірді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында, кеңесіп шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады.

Елге ғана тән платформа халықаралық назарға ілікті. Оны құру ғылыми және жүйелі түрде қарастырылды. Және, ең бастысы, қорытындылауға ерекше назар аудару. Мәселен, отандық дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы көтерілді, мигранттарға арналған бірыңғай ақпараттық ресурс іске қосылды, жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салынды.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

Заман күрделі болғандықтан  біздің мемлекетіміздің ішкі-сыртқы саясатына әсер еткісі келетін және біздің мемлекеттілігімізді ішінен-сыртынан, мемлекеттік институттарға кері әсерін тигізетін  әртүрлі күштер болады. Сондықтан біздің мақсатымыз ұлтты ұйыстырудың моделін қалай қалыптастыру керек!

Ұлттық кеңес осы уақыт аралығында 4 саяси реформалар пакетін жариялады. Соның бірі жуырда Конституцияға енгізілген өзгертулердің осы жиында бастау алғаны. Ал ақын Серікзат Дүйсенғазы құрылтай сөзінің түп-тамыры тереңде жатқандығын айтады. Алаш зиялылары өз заманында жасырын, бастарын қатерге тігіп құрылтайлар өткізгенін тілге тиек етті.

Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Жалпы бізде құрылтай деген ұғым 202-шы ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің заманында бірнеше рет қазақ халқының өз құрылтайы өткен.  Қазақтардың бас қосуы съезд деп атаған. Сосын кеңес үкіметі орнаған кезде қазақтың құрылтайлары болған. Алаш зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин басқа да тұлғалар қатысқан болатын.


Айжан ШАМШИДИН, ТІЛШІ:

Жаңа құрылым ұлттық кеңестің қызметін орталық деңгейде жалғастыратын болады. Зиялы қауым өкілдері бұл бастаманы халық пен билік арасына алтын көпір орнатады деген сенімде.

А. Шамшидин