Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT-қа» 5 мыңға жуық өтініш түскен

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2022
  • 1120

Алматыда жыл басынан бері «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына бес мыңға жуық өтініш келіп түскен. Тұрғындар түрлі әлеуметтік және құқықтық мәселелердің шешімін табуға көмек сұрайды. Жарты жыл ішінде партиялықтар өтініш білдіргендердің жартысынан астамына жәрдемдескен.

Көптен күткен ауыз суға қол жеткізген зейнеткер Жайсанкүл Қуандықованың қуанышында шек жоқ. Біраз уақыттан бері ол тұтынатын суды мұнарадан шелекпен тасып келген. Ал ондай судың сапасы қандай болатыны айтпай-ақ белгілі, - дейді ол. Алайда, ауыз судың жалғыз көзіне айналған мұнара да істен шыққан көрінеді. Осы тұста бұқара «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жүгінген.
 
Жайсанкүл ҚУАНДЫҚОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мұнара сынған кезде, біз 2,5 ай бойы сусыз отырдық. Көршілерден тасыдық. Есенгелді Талбидиновты деген депутат баламызға жүгіндік. Ол бала мәселені шешіп, «Алматы Су» компаниясянан су алып берді. Рақмет оған.

Зейнеттегі Вера Китенок та партиялықтардың көмегіне дән риза. Келіні үйден кетіп қалған соң, ол немерелеріне өзі бас-көз болған.  Алайда, балаларды заңды түрде өз қамқоршылығына ала алмаған. Соның кесірінен биыл немерелерінен айырылып қалды. «AMANAT» партиясының мүшелері отбасын біріктіруге, сондай-ақ олардың туыстығын дәлелдеуге көмектескен.

Вера КИТЕНОК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әрине балаларға да, мағанда оңай болған жоқ. Мен партия көмегіне 3 ай бұрын жүгіндім, олар маған бірінші күннен бастап көмек көрсете бастады. Егер Николай Леонидович болмаса, мен оларды қайтарып алмас едім. Бұған дейін ешқандай шара қолданылмаған еді. Мен өте ризамын.

Қиын жағдайға тап болған отандастарымыздың арасында Қарлығаш Берікболқызы да бар. Ол отбасымен Қазақстанға жиырма жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Биыл ұлы жеке куәлігін алу керек болған. «Бірақ тиісті органдар құжатты беруден бас тартқты», - дейді.

Қарлығаш БЕРІКБОЛҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ммен ХҚКО-ға жүгіндім, бірақ ол жерде маған: бала Қазақстан азаматтығын алғанға дейін туылғандықтан, олар маған ұлының жеке куәлігін рәсімдеуге көмектесе алмайды деп айтты. Кейін мен «AMANAT» партиясына жүгіндім, міне бізге көптен күткен құжатымызды табыстады. Ризашылығымызды білдіреміз.

Күн сайын қиындыққа тап болған ондаған қазақстандықтар тығырықтан шығу үшін «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жүгініп, өтініш білдіреді.

Әбілқадыр ӘБІЛҚАЙЫРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жыл басынан Аманат партиясы Алматы қалалық және аудандық филиалдарға тұрғындардан 4800-ден астам өтініш келіп түскен. Олардың жартысынан көбі оң шешімін тапты.

Азаматтардың өтініштерін қарау үшін мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қабылдаулар өткізіп, оның қорытындысы бойынша шешім қабылдайды.

М. Жақан