Русский Сайттың толық нұсқасы

Студенттердің төмен баға алуына техникалық ақау себеп болған

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2022
  • 1262

Бұған қатысты бүгін денсаулық сақтау министрлігі жауап берді. Ақтөбедегі медицина университеті студенттерінің тәуелсіз емтиханда төмен баға алуына жүйедегі техникалық қате себеп болған.  Жағдайды тексерген кезінде тест кодтарында бірқатар техникалық сәйкессіздік анықталған.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Жүйеде дұрыс ескерілмеген ұпайлар студенттің пайдасына қайта қаралады. Студенттердің білімін төмен бағалаудың себептерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, республикалық аппеляциялық комиссияға барлық техникалық іркілістер жойылғаннан кейін емтихандар нәтижелерін талдау және емтиханды қайтадан бастапқы тапсыруға жіберу туралы сұрау жіберіледі.

Г. Сейтенова