Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау мұнай өңдеу зауыты тағы да экология талаптарын бұзды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2022
  • 2463

Атырау мұнай өңдеу зауыты тағы да экология талаптарын бұзды. Ауадағы жағымсыз иіске шыдамаған тұрғындардың шағымынан соң кәсіпорынға жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Экологтар стационарлық көздерден өндірістік шығарымдар бойынша сынама алды. Булану алаңына төгілетін  сарқынды су да тексерілді. Нәтижесінде біраз былықтың беті ашылды.  Зауыт жылу электр орталығының  3 қазанында көмір қышқыл газы, 4 қазан бойынша азот  диоксилінің белгіленген  нормативтен асу фактісі анықталды.

Сырым ТІЛЕГЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГ:

Сондай-ақ тексеру кезінде тағы да көптеген қондырғылардың жоспардан тыс  тоқтағаны анықталып, сол кезде атмосфералық ауаға бензол, демитил бензол, бензин, көмірсутектердің шыққаны анықталды. Сондай-ақ бүкіл анықталған бұзушылыққа қатысты әкімішілік іс қозғалды. Қазіргі таңда материал қаралуда.

Зауыт аумағын қарау барысында  газ тарату шкафынан  32 сағат бойы үзіліссіз  табиғи газдың  шыққаны байқалған. Арнайы мамандарды шақырып, газ тоқтатылды.  Жыл басынан бері зауытта кәсіпорынның жоспарында көрсетілмеген 5 штаттан тыс  оқиға орын алған.

Б. Надірқызы