Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар министрлер кабинетін сынға алды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2022
  • 1278

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті.  Мәжіліс депутаттары  Ұлттық Қордағы қаржының оңды-солды шашылып жатқанын айтып, министрлер кабинетін сынға алды.  Ал бұған шенеуніктер не дейді? Әсел Дүкембаева толығырақ айтады.

Аманжан Жамалов Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал  жолдады.  Депутаттың айтуынша, 2022 жылдың мамыр айында жылдық инфляция 14 процент болса, азық-түлік бағасы 19 процентке қымбаттаған. Бұл ретте инфляцияға жауапты Ұлттық банк бағаның неліктен өсіп жатқанын нақты түсіндіре алмайды дейді депутат.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Олар әлемдік бағаның өсуімен, күшті фискалдық серпінмен байланыстырады. Үкіметке «жебелерді бұрды» және «қарсы циклдік фискалдық ереже» нәтижесінде инфляция 2024 жылға қарай төмендейді деп уәде берді. Бұл мәселе өздігінен шешілуі керек дегенді білдіреді. Жалпы, «біздің санамыз Ұлттық банкті түсіне алмайды...»


Ал Депутат Дания Еспаеваны еліміздегі емханалар мәселесі алаңдатады.  Оның айтуынша, елімізде 700 мемлекеттік кәсіпорын жекешелендіруге жатады, олардың арасында ауруханалар да бар.  Емханаларды арзанға сатып, триллиондар төлеп, қаржыландырудың қажеті бар ма дейді депутат.

Дания ЕСПАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AQ JOL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жыл сайын республикалық бюджет Денсаулық сақтау жүйесіне, оның ішінде медициналық мекемелерді жаңғыртуға 1 трлн теңгеден астам қаражат құяды. Алайда, объектілерді сату кезінде бұл сомалар ескерілмеген. Егер мемлекет бүгінде жаңа денсаулық сақтау нысандарын салуға ақша жұмсап, оған миллиардтаған салық төлеушілерді жұмсаса, жұмыс істеп тұрған клиникаларды бір тиынға таратудың мәні неде болды?

Ал Сенат депутаты Дархан Мыңбай бюджет кірісіне қарағанда шығысының қарқынды өсіп жатқанын айтты. "Болашақ ұрпақтың несібесін құлшына жұмсауымыздың" нәтижесіз екенін алға тартты.

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз ұлғаяды деп күтіп отырған өндірістік сектордың қайтарымы қайда? Шынында да, іс жүзінде Ұлттық қордың қаражатын, болашақ ұрпақтың несібесін құлшына жұмсай бастадық. Қолданыстағы бюджет шығыстарына сапалы, терең талдау жасалып, тиісті қорытынды қашан жасалады?


Бұған қатысты Әлихан Смайылов мемлекеттік бюджеттердің республикалық түсімі жылдан-жылға артып жатқанын, соның нәтижесінде келесі жылдан бастап Ұлттық қор трансферттері қысқаратынын айтты.  

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бюджетке түсетін салықтық өсімдер, 5 есе өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Жалпы, мемлекеттің түсімдері өсуде. Мысалы, республикалық бюждеттің өз өсімдері былтыр 12 процентке өссе, биыл процентке өсіп отыр.


Былтыр Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кеткен. Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова осылай дейді. Енді бюджет  үш қылмай, біржылдық жүйеге қайта көшуді ұсынды. Сондай-ақ,  бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланатын шенеуніктерге жаза қарастыру керек деді. Осындай ашық пікірталаста өткен отырыс қорытындысымен,  2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп мақұлданды.

Ә. Дүкембаева