Русский Сайттың толық нұсқасы

Жатақхана құрылысына мемлекет 1 млрд теңгеден астам қаражат төлейді

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2022
  • 1316

Еліміз бойынша 84 мың  студент, магистрант пен докторант жатақханаға мұқтаж. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Түркістан облысы мен Алматыда студенттер үйінің  қажеттілігі қатты сезіледі.  Мемлекет бұл өзекті мәселені шешуге барынша тырысуда. Қазір кейбір өңірлерде жатақхана құрылысы қарқынды жүріп жатыр.  
 
Жанға жайлы, заманауи талаптарға сай жатақхана құрылысына мемлекет 1 млрд теңгеден астам қаражат төлейді.  2018-ші жылдан бастап қалталы азаматтар мен инвесторлар осы құрылыс нысандарына белсенді түрде қаржы құюда.

Айнұр САҒЫНДЫҚОВА, «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ІЛГЕРІЛЕТУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қаржы орталығы» АҚ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бағдарламасының операторы болып табылады. 2018 жылы жеке кәсіпкерлердің жатақхана құрылысы шығындарын ішінара немесе итолық өтеу бойынша тетік әзірленген болатын. Тетікке сәкес, 2018-2021 жылдар аралығында 120-дан астам студенттік жатақханалар пайдалануға  берілген болатын. Қазіргі таңда кәсіпкерлер тұрақты түрде және 12 ай бойы төлемдерін алып жатады.


Бір студентті жатақханамен қамтамасыз ету үшін 122 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат бөлінеді.Ал бар ғимаратты қайта жаңғыртып, студенттік жатақханаға реконструкция жасайтын болса, онда 47 АЕК (Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін  - 92 АЕК).  Алғашқы күнтізбелік кезекті 12 айда мемлекеттік тапсырыс екіге тең болып келетін түзету коэффициенті ескеріле отырып төленеді. Мәселен, онда нақты 100 адам тұрса, төлем 200 адамға жасалады.

Айнұр САҒЫНДЫҚОВА, «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ІЛГЕРІЛЕТУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің тетікке сәйкес, өздеріңіз білесіздер АЕК-көлемі өсіп отырады. Соған сәйкес біздің төлемдер де өзгеріп отырады. Яғни индекстелетін болады төлемдер. Егер де 500 орындық жатақхананы толық толған болса, 8 жыл бойы кәсіпкер 1,7 миллиард теңгені алатын болады. Бұл өте тиімді бизнес жобасы. Барлық инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді жатақхана салуға шақырамыз.  

Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өзінің  тиімділігін дәлелдеді. «Қаржы Орталығы» акционерлік қоғамының ақпаратынша, соңғы үш жылда осы бағдарлама аясында 30 мың орынға лайықталған жатақхана салынған. Жыл соңына дейін тағы 10 мың  жас студенттер үйімен қамтылмақ.   Егер бұған қатысты қосымша сұрақтар болса немесе жатақхана салуға ниетті кәсіпкерлер болса, қаржы орталығына хабарласуға болады.  

А. Шамшидин