Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау қаласын көбелек құрты қаптауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2022
  • 2777

Атырау қаласын  шалғын  көбелек құрты қаптауы мүмкін.  Бұған дейін аудандағы жайылым мен егістікті жайпаған жәндік ауылдағы үйлердің қабырғасы мен терезесіне дейін  жауып тастаған еді. Шаруалардың зиянкеспен күресі әлі де тоқтаған жоқ. Енді әдемі  қанаттыдан зиянкес құртқа айналатын қауіпті шалғын көбелегі облыс орталығында  қаптап кетті.   Тал-терек маңы, көгалды аумақтар мен  жағалауларды айтпағанда, көп қабатты үйлердің  қасында да  толып ұшып жүр.  Алдындағы көкті талғамай жей беретін  зиянкес жәндік шағылысу фазасында,- дейді мамандар. Сондықтан қала ішінде егін еккендерге  қазірден -ақ өз бетінше  қамдануға кеңес береді.   Маманның  айтуынша, облыста  шалғын көбелегі  377 гектар аумақтан анықталған.

Әбила ҚАЗИЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Көбелектер жапырақтың астыңғы жағына жұмыртқа салады. Содан кейін жұлдызқұртқа айналады. Шаруагерлердің өздеріне де айтарым: көп біреуге жалтақтай бермей енді жер мен өнім өзінікі өздері де қамданғандары жөн. Бірінші ұрпағымен күрескен кезде де шаруагерлер өз қалтасынан істейтін. Қазір жергілікті бюджетке ауыстырып жатырмыз. Сонда да уақыт созып өнімінен айырылып қалмас үшін әркім өзі қамданғаны абзал.


Б. Надірқызы