Русский Сайттың толық нұсқасы

Алғашқы «Союз МС» ғарышқа аттанды

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2016
  • 2199

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» зымыран-тасығышы ұшырылды. Ол халықаралық ғарыш стансасына тұңғыш рет жаңа сериялы «Союз МС» кемесін алып шыққан. Белгілі болғандай, кеме станциядан сәтті ажырапты. Екі күнен кейін оның экипажы халықаралық ғарыш станциясына жеткізілуі тиіс. Кеменің түйісуі 9 шілде күні Астана уақытымен сағат 10:12-ге жоспарланып отыр. Экипаж құрамында Роскосмос ғарышкері Анатолий Иванишин, JAXA астронавты Такуя Ониши және NASA астронавты Кэтлин Рубинс бар. Кеме қозғалыс және навигацияны басқарудың жетілдірілген жүйесімен жабдықталған.

Айта өтейік, «Союз МС» 24-ші маусым күні ұшырылуы тиіс еді. Алайда Роскосмос қосымша тестілеу жұмыстарын жүргізуді ұйғарып, ұшырылым уақытын жылжытқан еді. Жаңа модификациялы «Союз МС» жүк кемесін «Энергия» ғарыш корпорациясы жасап шығарған. Жүк кемесі «Прогресс М» және «Союз ТМА» кемелерінің барынша жетілдірілген нұсқасы.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА