Русский Сайттың толық нұсқасы

Спасск оқу-жаттығу орталығында «Айбын» сегізінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2022
  • 3318

Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Айбын» сегізінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Оған ел аумағынан 6 жүзден астам жас қатысуда. Жеткіншектер бүгін арнайы күштердің әскери жауынгерлік тактикаларымен танысуды бастап кетті. Айта кетейік биылғы шара Балалар жылы мен Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.

Айбын» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатына Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысты.  Қарулы Күштері саласындағы ардагер Мұхтар Алтынбаевта келіп, балаларға батасын берді.

Осылайша Спасск оқу-жаттығу орталығында әскери айлалар, лаңкестердің көзін жою операциялары басталып кетті. Жауынгерлік тактикалар, дұшпанға соққы жасау тәсілдері. Бүгін жауынгерлік шеберліктерін десанттық-шабуылдау ротасы мен арнайы күштер тобы  көрсетті. Екі жыл бойы пандемияға байланысты онлайн форматта өткен жиынға қарулы күштер ерекше дайындалған. Әсерлі көріністердің астарында жеткіншектерді Отанын сүйіп қана қоймай, оны қорғауға тәрбиелеу мақсаты жатыр,- дейді олар.

Мейірбек МЕҢДІҒАЛИЕВ, «ЖАС САРБАЗ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Балалардың бірі- бірімен осы жерге келіп кездескендері, бұл ең қымбат эмоциялар. Қазіргі таңда балалар бір- бірімен танысып, әрбір аймақтың балалары бір- бірімен достасып бір мықты бір команда болып болашақта жоғарғы оқу орындарына тсүкеннің өзінде оларды біріктіретін бір алаң болды.

Қатысушылар  әскери-патриоттық клубтар мен Қарулы күштердің, әскери колледждер, мектеп-интернаттары және «Жас ұлан» республикалық мектептерінің өкілдері. 600 оқушы үшін оқу орталығының аумағында жатын орын шатырлары, тұрмыстық бөлмелері мен ас үйі бар дала лагері құрылған.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Айбын жастарының ең соңғы үлгідегі техникалармен танысуға мүмкіндігі бар. Мысалы, мынау «Арлан» аталатын арнайы брондалған дөңгелекті машина. Бұл жауынгерлерімізді тек дұшпанна қорғап қана қоймайды, тіпті зеңбірек те атқылайды екен. Ал ең қуантарлығы ол өзіміздің Қазақстанда шығарылған.

Жас ұландар  жиынға бір жыл бойы дайындалған. Енді 3 күн бойы осында  әскери-қолданбалы және әскери-спорттық жарыстарға қатысады. Робототехника, өнерден де сыналады. Жеңімпаздар велосипед, смартфон мен смартсағаттармен марапатталмақ.

Аружан БЕКҚАЛИ, ҚАТЫСУШЫ, ОҚУШЫ:

Әскери өмірдің қырларын журналистика, экранның арғы жағынан көреременге түсіндіру бағытында болмақ, сондықтан болашақта өзімді журналист ретінде әскери өмірдің одан да бөлек қыр- сырларын таныстыруда жұмсанам деп ойлаймын.

Айта кетерлігі 8 жылда «Айбын» жиынына 9 мыңға тарта жас қатысқан. Олар жоғарғы әскери оқу орындарында оқиды, офицерлер мен шенді әскери қызметкерлерге айналған. Елімізде 7 мыңға тарта патриоттық клуб әлі де жұмыс істейді.

 А. Қуаш