Ақтөбеде 16 жастағы қыз анасын өлтірді деп айыпталуда. Оның 19 жастағы досы да күдікке ілінген. Қазір екеуі тергеу изоляторында отыр. Алматы аудандық прокуратурасының хабарлауынша, әйелді өз үйінде пышақтап өлтірген. Күдіктілер бұл туралы полицияға кеш хабар берген. Анасын өлтіруге не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі, жасөспірім жасы 16-да болса да, кешкі мектептің 5-сыныбында оқыған. Тергеу жұмыстары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Әсел ӨТЕНОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ АҒА ПРОКУРОРЫ:
Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен 16 жастағы қыз бен 19 жастағы жігітке қыздың анасын өлтіргені үшін айыптау актісі жасақталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыпталушылар қылмысты жасағанын бірнеше күн өткеннен кейін хабарлағаны анықталды. Айыпталушылардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сараланды.
Г. Сейтенова