Русский Сайттың толық нұсқасы

ІІМ Алматыдағы атыс кезінде қайтыс болғандар туралы ресми мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2016
  • 2042

Алматыдағы атыс кезінде 4 адам қаза болды. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі өкілдері растады. Тәртіп сақшылары қылмыскермен қарулы қақтығыс кезінде жарақат алып, ауруханада көз жұмған. Біреуі бейбіт тұрғын. Қылмыскер оның көлігін тартып алу кезінде оқ атқан. Қару асынған адам ұсталды. Қазір екі полиция қызметі ауруханада жатыр. Қалада құқық қорғау органдарының барлық күші қылмыскердің сыбайласын ұстауға жұмылдырылған.

Олег Иващенко, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары:

Қылмыскердің кім екені белгілі. Ол бұған дейін сотталған 27 жасар Қызылорда облысының тумасы. Құқық қорғау органдарында оның өткен демалыста адам өлтіргендігі туралы болжам бар.

Алайда ІІМ-нде екінші қылмыскерге қатысты ақпарат нақтыланған жоқ. Құзырлы ведомство оқиғаға қатысты ақпаратты жаңартып отыруға уәде етті.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ