Қапшағай су қоймасында бір отбасынан төрт адам суға кетті. Төтеншелік мамандардың айтуынша, алғашқыда екі ағайынды бала шомылып жүріп, суға батқан. Балалардың жасы -12-де және 15-те. Оларды құтқармақшы болған туыстары да жағаға шыға алмай, мерт болды.
Игорь ЖУКОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қайғылы жағдай салдарынан 4 адам қаза тапты. Ал олардың әжесі 1954 жылғы әйел адам дер кезінде құтқарылды. Жалпы Қонаев қаласында жеті жабдықталған жағажай бар. Онда құтқарушылар күні-түні кезекшілікте тұрады. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Дегенмен азаматтардан арнайы жабдықталған орындарда ғана суға шомылуды, жүзе алмасаңыз суға белден жоғары түспеуді сұраймыз.
Сондай-ақ, бүгін Қапшағайдағы жағажайлардың бірінде 8 жастағы бала жоғалып кетті. Оны іздеуге ер азаматтардың барлығы атсалысқан. Видео әлеуметтік желіде тарады. Абырой болғанда, жеткіншек жағада жүрген жерінен табылды.
Ә. Лесбек