Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда нәрестелерді заңсыз сатумен айналысқан сайт анықталды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2022
  • 1970

Алматы қаласында заңсыз бала асырап алу фактілері анықталды. Жаңа туған нәрестелерінен құтылғысы келген жас аналар интернет желісіне хабарландыру қалдырып отырған. Сондай-ақ, веб-сайт арқылы заңсыз бала асырап алғысы келетіндердің де қарасы көп екен. Мұны Алатау ауданының прокуратурасы арнайы мониторинг барысында анықтаған.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Аталған веб-сайттың атын құзыретті органдар әзірге жарияламай отыр. Алайда, заңсыздыққа жол бергендер жұмысын тоқтатқан. Белгілісі сайт 2010 жылы тіркелген. Ал Қазақстан аумағында жұмысын осыдан 6 ай бұрын бастапты.

Бүгінге дейін мұнда заңсыз бала сату және баланы асырап алу туралы жалпы саны 48 хабарландыру қалдырылған. Соның ішінде 21-25 жас арылығындағы 2 ана, ғаламтор арқылы нәрестелерін бөтен отбасына тапсыруға бел буған. Зерттеу барысында жас аналар перзентханаға бармай, үйде босанғандары анықталып отыр.
 
Ізбасар МАСАҚБАЕВ, АЛМАТЫ қ. АЛАТАУ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
 
Интернет желісінде 48 факты анықталған болатын. Жана айтқандай, баланы сату не сатып алу фактілері. Олар анық балаларды аналардың алу жөнінде жарнамалары және телефондары көрсетілген. Оның ішінде аты-жөні белгіленген екі ана бар. Біреуі 21-де, екіншісі 25-те. Біреуі Түлкібас ауданының тұрғыны, екіншісі Алатау ауданының тұрғыны.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Қазіргі таңда тергеп, тексеру амалдары басталып кеткен. Ал басы саудаға түскен балалардың болашағы не болары әзірге белгісіз. Нәрестелерді сатушылар анықталған жағдайда 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

М. Жақан