Русский Сайттың толық нұсқасы

Балақай ыдыстағы суға түспекші болып кептеліп қалды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2022
  • 956

Түркістан облысында 7 жастағы қыз бала су құятын темір ыдысқа кептеліп қалды. Ойын баласын, анасы 25 литрлік алюминий ыдыстан өздігінше шығара алмаған. Амалы таусылған соң құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Бұл жағдай Жетісай ауданы Атакент елді-мекеніндегі үйлердің бірінде болды. Аптап ыстықта ішінде суы бар ыдысқа шомылғысы келген көрінеді. Төтенше жағдай мамандары арнайы темір кескіштерді қолдана отырып, баланы жарақатсыз құтқарып алды. Жеткіншектің жағдайы жақсы, денсаулығына қауіп жоқ дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

А. Төребекқызы